Admin

Admin

Türk Dünyası Arabulucular Birliği Özbekistan, Kırgızistan, Kazakistan ziyareti bilgilendirme toplantısı zoom üzerinden Kazakistan Arabuluculuk Kurumu Başkanı Sayın Jandilda YAKUBOV ve Kırgızistan Osh vilayeti Arabulucular Başkanı Sayın AXAZBEY SHAMSHİYEV katılımı ile yapılmıştır ...
Jandilda JAKUBOV ve Axazbey SHAMSHİYEV in ülkelerindeki Arabuluculuk uygulamaları hakkında bilgi verdikten sonra ziyaret ve Türk Dünyası Arabulucular Birliği'nin kuruluş çalışmaları ile ilgili değerlendirmeler yapmışlardır.
Toplantıda ziyarete katilan TDAB Özbekistan Komisyonu Koordinatörü Sayın Av.Arb Hasan OYMAK, Azerbaycan Mediasia Teşkilatı Etik Kurulu Başkanı Sayın Arb. Aqil ASGEROV, TDAB Kazakistan Komisyonu Koordinatörü Sayın Av.Arb Emrullah MANAV, TDAB Merkezler Komisyonu Koordinatörü
Bakü 8 Sayılı Mediasia Teşkilatı Yöneticisi Sayın Arb. Mayıl Ahmet ve TDAB Eğitim Komisyonu Üyesi Arb. Av. Ali SELEK gezi hakkında katılımcılara sunum yapmışlardır.

Türk Dünyası Arabulucular Birliği Özbekistan,Kırgızistan,Kazakistan ziyareti bilgilendirme toplantısı zoom üzerinden Kazakistan Arabuluculuk Kurumu Başkanı Sayın Jandilda YAKUBOV ve Kırgızistan Osh vilayeti Arabulucular Başkanı Sayın AXAZBEY SHAMSHİYEV katılımı ile yapılmıştır.

https://x.com/tdarbbirligi/status/1818753453675417830?s=08 

Төлегенова Перизат Махмутқызы

№074-С Сертификат ХҚҚО Медиаторлар мектебінен 2024ж. 31 мамыр берілген
Мекен-жайы: Кульсары қ.
Тел.: 8 702 413 91 43
Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Медиацияны жүзеге асыра алатын тілі: қазақ
Маманданып жүрген медиация саласы: азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа даулар
Білімі: орташа
Лауазымы: Салық инспекторы, несие маманы, Медиатор

Төлегенова Перизат Махмутқызы

Сертификат №074-С от 31.05.2024г.Школы медиаторов МПЦ
Адрес: г. Кульсары
Тел.: 8 702 413 91 43
Электр.почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Язык медиации: Казахский
Специализация: гражданские, трудовые, семейные и др.споры
Образование: средний
Должность: Налоговый инспектор, Специалист по кредитом, Медиатор
Пятница, 07 июня 2024 15:15

Медиация бойынша дәріс

2024 жылдың 16 наурызында  8-ші Студенттік сайысының аясында студенттер үшін медиация  бойынша  «Медиация әлемдік тренд ретінде» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті ағылшын медиаторы Билл Марш оқыды, оның медиация жүргізуде үлкен тәжірибесі бар және Еуропадағы ең үздік медиаторлардың бірі ретінде танылған. Оның пікірінше, жаһандық сауданың дамуы дауларды шешудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануға алып келеді,  соның ішінде медиацияны. Медиация тәртібімен шешілетін даулардың саны артып келеді. Қоғамдық даму мәдениеті мен дауларды  шешу мәдениеті жоғары елдерде медиация жетістікті.

Мемлекеттер үкіметтері медиацияға екі ой-пікір бойынша назар аударады: 1) экономикалық тұрғыдан және 2) философиялық тұрғыдан. Медиацияға инвестиция салған елдерде медиацияның саны артып келеді. Билл Марш медиация саласында өз қызметін 1991 жылы бастады. Англияда медиация туралы арнайы заң жоқ, бірақ жыл сайын мыңдаған медиация өткізіледі. Дәрісті ағылшын тілінде you-tube арнасында  https://www.youtube.com/watch?v=thyt7SSj81E сілтемесі арқылы өз тіліңіздегі субтитрлерімен тыңдай аласыз. Барлық сұрақтар бойынша Орталықтың үйлестірушісі Аида Заманбековаға +77772157436 телефоны арқылы хабарласуға болады.

2024 жылғы 6 сәуірден 14 сәуірге дейін ХҚҚО медиаторлары Америка Құрама Штаттарында (Нью-Йорк және Вашингтон) халықаралық тағылымдамадан өтті. Іскерлік сапармен тағылымдама аясында медиаторлар Mercy университетінде орналасқан IMCR медиация орталығына барды. Орталық туралы ақпаратпен ХҚҚО үйлестірушісі, медиатор Аида Заманбекова бөлісті:

«Орталықта Нью-Йоркте жұмыс жасайтын  600 бітіруші-медиаторлар бар. Орталықтың миссиясы – адам өзін қоршаған ортаны өзгерте алады. Орталық 1969 жылы құрылып, оқу орталығы ретінде жұмысын бастады. Бағдарлама медарб болды, кейстер медиация немесе арбитраж арқылы өтті. Бір жыл өте адамдар оқуға келе бастады, ол кезде медиация бойынша заңнама жоқ еді.

1975 жылы Нью-Йоркте қаладағы алғашқы медиация орталығын ашты. Орталықтың медиаторларымен 2 полиция учаскесі жұмыс істей бастады, барлық істер орталыққа жолданып, медиация немесе арбитраж арқылы шешілді. Бұл өз нәтижесін бере бастады, содан кейін қылмыстық сот медиаторларды оқытуды және медиация рәсімдерін жүргізуді қаржыландыруға кірісті. Шешуі орта есеппен 25 минутты алатын 1 (бір) іске $20 төленді. Соттар бұл істермен айналысқысы келмеді. 1981 жылы  медиацияны штатпен ұсынылған заң  қабылданды. Қазіргі уақытта Нью-Йорк штатында 62 аймақ бар, олардың әрқайсысында өз медиация орталығы бар. Медиация бағдарламасын мемлекет төлейді. Медиация орталығының негізін қалаушы американдық медиатор, арбитр және ықпалды қоғамдық адвокат Теодор Хилл болып табылады. Орталықта қадағалаумен айналысатын құрылым бар.  Мемлекет медиаторларға медиатор жүргізген рәсімдер санына қарай ақы төлейді.

Негізгі медиация курсы 40 сағатты құрайды және 5 айға дейінгі тағылымдамадан өту міндетті болып табылады. Медиаторлар оқудан өтіп, медиаторлардың бірыңғай деректер базасына кіріп, тіркеу нөмірін алады.

 

2024 жылғы 6 сәуірден 14 сәуірге дейін ХҚҚО медиаторлары Америка Құрама Штаттарында (Нью-Йорк және Вашингтон) халықаралық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында медиаторлар Лонг-Айлендтегі жанжалдарды шешу орталығына барды. Бұл орталық қоғамдық медиациямен айналысады және халыққа медиацияны тегін жүргізетін ерікті медиаторлары бар. Өтініштер Call-Center арқылы қабылданады, содан кейін ағымдағы жағдайды анықтау үшін скринингтік сессия өткізіледі.

Бұл орталықтың медиаторлары зорлық-зомбылықтың ауыр жағдайлары немесе қылмыстармен айналыспай, тараптарды бірден сотқа жібереді. Медиация қашықтан немесе кеңседе жүзеге асырылады. Сот істері сот қарасты тізілімде тұрған медиаторларға ғана беріледі. Медиацияны үйрететін тренерлер сертификатталады. Лонг-Айлендте медиацияның  негізгі оқытуы жүргізіледі, ал медиаторлар кейіннен мамандандырудан өтеді. Орталық  өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдары ашылған,  Лонг-Айлендтегі алғашқы орталық болып табылады және негізінде  10 000 АҚШ $ -нан аспайтын сомадағы  дауларды  шешуге  көмектеседі.

Медиация туралы арнайы заң жоқ, бірақ жалпы заңдарда медиация туралы нормалары бар. Орталықтың медиаторлары қоғамда, аудан ішінде, мемлекеттік органдар мен мүгедектер арасында туындайтын дауларды шешеді. Полиция да істерді медиаторларға жібереді. Халықаралық тағылымдамадан өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша Орталықтың үйлестірушісі Аида Заманбековаға +77772157436 телефоны арқылы хабарласуға болады.

2024 жылғы 6 сәуірден 14 сәуірге дейін ХҚҚО медиаторлары Америка Құрама Штаттарында (Нью-Йорк және Вашингтон) халықаралық тағылымдамадан өтті. Іскерлік сапармен тағылымдама аясында медиаторлар Монтгомери қаласындағы медиация орталығына барды. Тағылымдамадан өтуші, ХҚҚО үйлестірушісі, медиатор Аида Заманбекова Орталықтан алған әсерімен бөлісті:

«Әр медиация орталығы  бізді жылы  лебізбен, тәжірибе мен біліммен бөлісуге деген үлкен ықыласпен қарсы алды. Орталықтың атқарушы директорының айтуынша, Монтгомеридегі бұл медиация орталығы Мэриленд штатындағы ең ірі орталық болып табылады, мұнда медиация Америка Құрама Штаттарында ең жақсы дамыған; Орталық 45 мектеппен жұмыс істейді. Кеңседе 6 адам, орталықта 100-ден астам еріктілер жұмыс жасайды. Олар негізгі курста, содан кейін арнайы курстарда оқытылады. Медиацияның негізгі курсын 40 сағат құрайды.  Орталық негізінен мыналарды қарастырады:

- шағын бизнестегі қақтығыстар

- көршілік даулары

- мектеп жанжалдары (қорлау, ұрыс-керіс, төбелес, алымсақтық (харрасмент) және т.б.).

-ата-анамен даулар, мұрагерлік даулар

- баланың тұрғылықты жерін анықтау және т.б.

Орталық соттармен жұмыс істейді, соттар 10 000 долларға дейінгі сомадағы дауларды медиаторларға береді.  Медиаторлар үшін медиация бойынша оқыту тегін. Егер тарап медиациядан бас тартса, сот тарапқа қатысты шектеу шараларын қолдана алады. Медиаторлар фасилитативтік сессияларды өткізеді және үлкен топтармен, қауымдастықтармен жұмыс істейді. Мысалы, кафе немесе көпқабатты үй салу кезіндегі даулар. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты даулар.

Өзара әрекеттесу жолдары:

Белсенді әлеуметтік желілер, сауда-ойын-сауық орталықтарына барады, буклеттер таратады, мемлекеттік органдармен серіктестік, коммерциялық емес ұйымдармен.

Орталық медиаторлары жылына 20 мыңға дейін медиация жүргізеді. Бұл орталықта отбасылық ажырасу, алимент өндіру, мүлікті бөлу, коммерциялық даулар айналыспайды. Мұндай істер жеке медиаторларға жіберіледі.  Орталық тек бала тәрбиесіне қатысты дауларды шешеді. Ол мемлекет және басқа да көздерден қаржыландырылады. 2 медиатор күніне 3 мектепке қызмет көрсетеді. Медиация мектеп психологтарымен бірлесіп жұмыс істейді және тыныш ортаны сақтау мен оқу үлгерімінің деңгейін төмендетпеуге мүмкіндік береді.

Мектеп жанжалдары бойынша медиацияның тиімділігі 93% құрайды, сол  93%-дың  85%  ерікті түрде орындалады және 3 апта бойы сақталады, қалған пайыздарға ата-аналармен коучинг курсын өту ұсынылады. Медиатор балалармен бөлек, ата-аналармен бөлек жұмыс істейді.

Медиацияда аудармашыларды жиі пайдаланады. Ең күрделі медиация – көпмәдениеттілік. Әртүрлі тілді меңгерген медиаторлардың болуына тырысады. Ең танымал тілдер - испан, француз, қытай, эфиопия. Оларда татуластырушы судьялар жоқ, зейнеттегі судьялар медиацияда еріктілер ретінде жұмыс жасайды. Мектеп медиаторлары өтеді:

- негізгі курстың 40 сағаттық оқуы,

- 24 сағаттық коучинг

-8 сағат мамандану және

-2 практикалық кейс».

Пятница, 07 июня 2024 10:52

Рагимова Аксана Мирза кызы

Рагимова Аксана Мирзакызы

Сертификат №075-С от 31.05.2024г.Школы медиаторов МПЦ
Адрес: г. Державинск
Тел.: 8 771 298 20 97
Электр.почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Язык медиации: русский
Специализация: гражданские, трудовые, семейные и др.споры
Образование: средне-специальное
Должность: медиатор
Страница 40 из 88