
Super User
Европейский кодекс поведения для медиаторов
Кодекс этики медиатора МПЦ
Законодательство по медиации и правила обучения
Отчет о состоянии медиации в Казахстане
Пилотный проект Верховного Суда РК по внедрению досудебного урегулирования споров в порядке медиации
Видео о медиации
Конвенция ООН о международных мировых соглашениях, достигнутых в результате медиации
Законопроект по медиации
Законопроект о внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам развития институтов внесудебного и досудебного урегулирования споров (скачать pdf файл).
Медиация туралы медиаторлар
Медиация-тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі;
Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) бойынша қолданылады.
Медиация рәсімі жүргізілмейді, егер:
- даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса,
- Тараптардың бірі мемлекеттік орган болған кезде;
- Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша болса.
Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даушылық деңгейін төмендету.
Медиация принциптері негізінде жүргізіледі:
1) еріктілік;
2) медиация тараптарының тең құқықтылығы;
3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;
4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеу;
5) құпиялылық.
Еріктілік
- Медиация рәсіміне қатысудың шарты тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара еріктілікті білдіру болып табылады.
- Медиация тараптары медиациядан оның кез келген сатысында бас тартуға құқылы.
- Медиация барысында тараптар өздерінің материалдық және іс жүргізу құқықтарын өз қалауы бойынша иелік етуге, талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан бас тартуға құқылы.
- Тараптар өзара қолайлы келісімнің нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда еркін.
Медиация тараптарының тең құқылығы
Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, жанжалды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады.
Медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы.
Медиация рәсіміне араласуға жол бермеу
- Медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.
- Медиатор бейтарап болуға, екі тараптың мүддесінде медиацияны жүргізуге және тараптарға медиация рәсіміне тең қатысуды қамтамасыз етуге тиіс. Медиатордың бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ол медиацияны жүргізуден бас тартуға тиіс.
- Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне басқа адамдар тарапынан араласуға жол берілмейді.
Құпиялылық
- Медиацияға қатысушылардың медиация барысында өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ.
- ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиатордан өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтер туралы куә ретінде жауап алуға болмайды.
- Медиацияға қатысушының өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының рұқсатынсыз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Медиаторларға қойылатын талаптар
- Медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдап алынған, медиаторлар тізіліміне енгізілген және медиатор функциясын орындауға келісім берген тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес жеке тұлға медиатор бола алады.
- Медиатордың қызметі кәсіби негізде де (кәсіби медиатор), сондай-ақ кәсіби емес негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар медиатордың қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
- Медиатордың қызметін кәсіби негізде жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 770 қаулысымен бекітілген медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидалары) және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар жүзеге асыра алады.
- Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
- Медиатордың қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге де қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
- Тұлға медиатор бола алмайды, егер:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген адам болса;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған болса;
3) өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын болса;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса.
Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері
- Медиация тараптары:
1) медиаторды (медиаторларды) өз еркімен таңдауға;);
2) медиатордан бас тартуға;
3) медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;
4) медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдер арқылы қатысуға;
5) дауды реттеу туралы келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе іс жүргізуінде медиация жүзеге асырылған қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы.
- Медиация тараптары дауды реттеу туралы келісімді, осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімінде орындауға міндетті.
Медиаторлар ұйымдары
- Медиаторлар ұйымдары "коммерциялық емес ұйымдар туралы" ҚР Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда медиаторлардың бастамасы бойынша құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйымдар болып табылады»
- Медиаторлар ұйымы медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
- Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіптік даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге құқылы.
- Медиаторлар ұйымына немесе медиаторлар қауымдастығына (одағына) кіру ерікті негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте медиаторлар ұйымының немесе медиаторлар қауымдастығының (Одағының) кіру жарналарын алуына жол берілмейді.
Медиаторлар ұйымының кәсіпқой медиаторлар тізілімін жүргізуі
- Әрбір медиаторлар ұйымы ҚР аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторлардың өз тізілімін жүргізеді.
- Медиаторларды медиаторлар ұйымы тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар тізіліміне енгізеді.
Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне енгізбеген жағдайда медиаторлар ұйымы тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
- Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде медиатордың тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл өткен соң кәсіпқой медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтініш медиаторлар ұйымының электрондық мекенжайына электронды түрде ұсынылуы мүмкін.
- Медиатор осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда медиация рәсіміне қатысушы тараптар медиаторлар ұйымына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған кезде медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой медиаторлар тізілімінде көрсете отырып, медиатордың қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
Медиацияны жүргізу шарттары
- Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында Медиация туралы шарт жасасқан кезде жүзеге асырылады.
- Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
- Тарапқа медиацияға жүгіну ұсынысын екінші Тараптың өтініші бойынша сот немесе қылмыстық қудалау органы жасай алады.
- Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісім бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдауға болады.
- Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы және тегін негізде жүзеге асырады.
- Кәсіби медиатордың (медиаторлардың) сыйақы мөлшері медиация басталғанға дейін тараптардың медиатормен (медиаторлармен) келісімі бойынша айқындалады.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім)
- Медиация жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
- Келісімде медиация тараптары, даудың нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ Тараптар келіскен келісім шарттары, оларды орындаудың тәсілдері мен мерзімдері және оларды тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс.
- Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары осы Келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындауға тиіс.
- Азаматтық іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды реттеу туралы Келісім Тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісімді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда келісімді бұзған медиация тарапы ҚР заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
- Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға дереу жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі тәртіппен көзделген сот бекітеді.
Бұл ретте төленген мемлекеттік баж ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады(ҚР АІЖК 106-бабы, мемлекеттік бажды қайтару). Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады).
- Қылмыстық процесс барысында медиация жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы арқылы жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді.
- Аталған Келісім қылмыстық іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу жіберіледі және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда және қылмыстық қудалауды болдырмайтын не жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болып табылады.
Түрік-ресей қақтығысы. Және Қазақстанның оны ұластырудағы рөлі
Әлбетте, алыс емес болашақта, жаңа тарих жөніндегі қазақстандық оқулықтарда мынадай тақырып болады: Қазақстанның Түркия мен Ресей арасындағы сыртқы саяси қақтығысты 2015 – 16 жылдар аралығында орнықтырудағы бітімгершілік рөлі.
Оқушылар да оқытушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Путин мен Эрдоганның дәйексөздерін қазақ тарапына оның табысты дипломатиялық миссиясы үшін ризашылықпен келтіреді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу барысында оларға айтқан осы сөздері де есімде болуы мүмкін: "Расында, біздің Ресеймен өзара қарым-қатынасымыздың дағдарысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен бірнеше рет кездесіп, келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынасымызды қалпына келтіру ісінде бізге үлкен қолдау көрсетті... біз Назарбаевтің бұл еңбегін ешқашан ұмытпаймыз және тағы да өз атынан және бүкіл түрік халқының атынан оған Түркия мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қосқан үлкен үлесі үшін алғысымызды білдіреміз».
Әрине, бұл оқулықта жоғары сынып оқушыларына Ресей мен Түркия арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстың сол кезде осы екі мемлекетпен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын қолдайтын Қазақстанға да тиімсіз екенін түсіндіретін қорытынды бөлім болады.
Ал әзірше Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру біздің солтүстік көршілеріміздің әбден барабар саясатына байланысты Қазақстанның барлық проблемаларын алып тастамайды деп мойындау керек.
Димломы
page-0001.jpg
002.jpg
006.jpg
009.jpg
01998.jpg
02.jpg
03.jpg
1.jpg
1algys.jpg
1seecosistem.jpg
1seonfo.jpg
3.jpg
4.jpg
2.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
10.jpg
11.jpg
12.jpg
13.jpg
14.jpg
15.jpg
16.jpg
17.jpg
19.jpg
19Aida.jpg
20.jpg
20Aida.jpg
22.jpg
23.jpg
24.jpg
25.jpg
26.jpg
27.jpg
28.jpg
29.jpg
31.jpg
32.jpg
18.jpg
33.jpg
34.jpg
35.jpg
36.jpg
37.jpg
38.jpg
39.jpg
40.jpg
41.jpg
42.jpg
43.jpg
44.jpg
45.jpg
46.jpg
001.jpg
47.jpg
48.jpg
49.jpg
50.jpg
51.jpg
53.jpg
54.jpg
55.jpg
56.jpg
57.jpg
58.jpg
59.jpg
60.jpg
61.jpg
62.jpg
63.jpg
64.jpg
65.jpg
100.jpg
111.jpg
333.jpg
444.jpg
555.jpg
666.jpg
888.jpg
2012-11-22_042408.jpg
2012-11-22_042549.jpg
2016-06-30_165813.jpg
2018_0001.jpg
2020-11-04_170755.jpg
2021-02-12_124023mpc.jpg
555454.jpg
3123123.jpg
12312313.jpg
20200701_145513.jpg
20210112_110453.jpg
31223123.jpg
31223123_2.jpg
32123123.jpg
123131313.jpg
4224422424.jpg
312312313123.jpg
Aida certificate.jpg
asyl65865097867.jpg
blag002.jpg
blag003.jpg
blagodarstvennoe-pismo.jpg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/blagodarstvennoe-pismo.jpg
gramm.jpg
IMG.jpg
IMG_20210112_110453.jpg
jakupovsertif.jpg
kauaa.jpg
medaliss.jpg
mpc2021.jpeg
na sait !.jpg
na sait.jpg
New_File_04.jpg
p381.jpg
prof123.png
s55656.jpg
Scan20006.JPG
sem.jpg
sept10mejdconf.jpg
sertificat.jpg
sert_nlp1.jpg
zhakup_page-0001.jpg
p41.jpg
2231232131.jpg
222.jpg
SertifNaur.jpg
sertif00069.jpg
Certificate_L_Bancroft_Webinar_Zhandilda Zhakupov.jpg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/Certificate_L_Bancroft_Webinar_Zhandilda Zhakupov.jpg
IMG-20210913-WA0013.jpg
30 09 21 (3) (1).png
08-11-829 JR71438548.jpg
seft aida 1.png
sert aida 2.png
sertificate 09.12.2021.jpg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/sertificate 09.12.2021.jpg
senat parlam.jpg
TimePad_diploma_1253489.jpg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/TimePad_diploma_1253489.jpg
TimePad_diploma_1250758.jpg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/TimePad_diploma_1250758.jpg
Rukhani Zhangiry.jpg
sudya.jpg
sertificat03052022.jpg
WhatsApp Image 2022-05-30 at 13.04.29.jpeg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/WhatsApp Image 2022-05-30 at 13.04.29.jpeg
0001.jpg
page 0002.jpg
123456.jpg
11.59.32.jpeg
1005.jpg
00000001.jpg
0000000.jpg
WhatsApp Image 2023-08-11 at 10.20.29 (1).jpeg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/WhatsApp Image 2023-08-11 at 10.20.29 (1).jpeg
WhatsApp Image 2023-08-11 at 10.20.29.jpeg
https://mpc-info.kz/images/diplomu/WhatsApp Image 2023-08-11 at 10.20.29.jpeg
222222.jpg
3333333333.jpg
algyz hat 2023.jpg