Медиация бойынша диалог алаңы
Халықаралық фестиваль аясында «ТМД-ның жекелеген елдеріндегі медиацияны дамыту ерекшеліктері» тақырыбында диалог алаңы өтті. Онда Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан медиаторлары өз елдеріндегі медиацияның дамуы, заңнамасы, статистикасы мен алдағы перспективалары туралы айтып берді. Қазақстандық медиацияның 15 жылдық тәжірибесімен ХҚО басшысы Жақыпов Жанділдә мен Орталық координаторы, медиатор Заманбекова Аида бөлісті. ХҚО мен «Медиация және құқық» орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды, ол ХҚО сайтында орналастырылған: https://mpc-info.kz/ru/component/k2/item/682-respublika-belorus-g-minsk. 2026 жылғы 24 сәуірде шетелдік делегация Беларусь Республикасының Конституциялық Сотына барып, «Құқықтық ағарту және медиация призмасы арқылы конституциялық құндылықтар» тақырыбындағы көшпелі іс-шараға қатысты. БР Конституциялық Сотының атынан осы соттың судьясы Сергей Петрович Чигринов сөз сөйледі. Минск қаласының мектеп оқушылары мен студенттері және Беларусь Республикасы Ұлттық заңнама және құқықтық ақпарат орталығының Минск облыстық өңірлік құқықтық ақпарат орталығының директоры баяндама жасады. 


Диалоговая площадка по медиации
В рамках Международного фестиваля по медиации состоялась Диалоговая площадка на тему: Особенности развития медиации в отдельных странах СНГ, где медиаторы Азербайджана, Беларуси, Казахстана и Кыргызстана рассказали о развитии медиации в своих странах, законодательстве, статистике и дальнейших перспективах. О 15 летнем опыте казахстанской медиации поделились руководитель МПЦ Жакупов Жандильда и медиатор, координатор Центра Заманбекова Аида. Между МПЦ и Центром «Медиация и право» был заключен Меморандум о сотрудничестве, который размещен на сайте МПЦ https://mpc-info.kz/ru/


IX Халықаралық медиация фестивалі
2026 жылғы 24–25 сәуірде Минск қаласында (Беларусь) «Болашақ медиациясы» атты мектеп оқушылары мен студенттердің Халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараны «Беларусь республикалық заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Минск қалалық атқару комитетінің Білім комитетімен және «Медиация және құқық» орталығы оқу-тәжірибелік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Фестиваль жұмысына медиаторлар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, педагогтер, оқушылар, студенттер, магистранттар және аспиранттар қатысты.
Іс-шара білім беру саласында медиацияны енгізу және дамытуға бағытталды. Фестиваль аясында дауларды реттеу мәселелері бойынша конференциялар, мастер-кластар, интерактивті алаңдар, шығармашылық шеберханалар, мектеп оқушылары, студенттер және ересектерге арналған секциялар өткізілді.
Фестивальге МПЦ басшысы, тренер-медиатор Жакупов Жандильда және МПЦ үйлестірушісі Заманбекова Аида қатысты.
Келесі жылы X Халықаралық медиация фестиваліне қазақстандық мектеп оқушылары мен студенттерінің қатысуы жоспарлануда.




IX Международный фестиваль по медиации




