ЕНУ ректорының жұмыс кездесуi
2025 жылғы 20 қазан күні Қазақстан, Қырғызстан және Түркия медиаторларының жетекшілерінен тұратын делегация Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация университет музейін аралап шықты, онда тарихи құжаттар, фотоархивтер және түркі халықтары туралы ақпарат орналастырылған. Кейін құқық факультетінің оқытушылары және деканатымен кездесу өтті.
Сапардың басты мақсаты — ЕҰУ ректоры Ерлан Батташевич Сыдыковпен кездесу болды. Ректор медиция институтының жастар ортасындағы және білім беру ұйымдарындағы қақтығыстарды шешудегі маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ медиция мәселелері бойынша ынтымақтастық жасау және «Muslihun» кітабын қазақ тіліне аударуға қолдау көрсету ниетін білдірді.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне сапар ұйымдастырғаны үшін профессор Нэля Лукпановна Шапековаға алғысымызды білдіреміз.



Туризм және спорт академиясында медиция бойынша қонақ дәріс
2025 жылғы 4 қарашада Туризм және спорт академиясында Олимпиадалық спорт және дене шынықтыру факультеттерінің студенттері үшін медиция бойынша қонақ дәріс өтті. Дәрісті МПЦ үйлестірушісі, тренер-медиатор Аида Заманбекова өткізді.
Дәріс барысында спикер медицияның негіздерін жан-жақты түсіндірді: негізгі принциптер, рәсімді жүргізу тәртібі және әртүрлі дауларды шешуде медиатордың рөлі.
Студенттер тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты — белсенді түрде сұрақтар қойып, қақтығыстар мысалдарын талқылады және оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынды.


Гостевая лекция по медиации в Академии Туризма и Спорта
4 ноября 2025 года в Академии туризма и спорта для студентов факультетов олимпийского спорта и физической культуры прошла гостевая лекция по медиации, которую провела координатор МПЦ, тренер-медиатор Аида Заманбекова.
В ходе лекции спикер подробно разъяснила основы медиации: ключевые принципы, порядок проведения процедуры и роль медиатора в разрешении споров различного характера.
Студенты проявили высокий интерес к теме — активно задавали вопросы, обсуждали примеры конфликтных ситуаций и предлагали возможные способы их урегулирования.


ЕНУ-де медиция бойынша қонақ дәріс
2025 жылғы 20 қазан күні медиаторлық орталықтардың жетекшілері — Якуп Эрикель (Түркия), Жандильда Жакупов (Қазақстан) және Авазбек Шамшиев (Қырғызстан) Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құқық факультетінде қонақ дәрістер өткізді.
Спикерлер өз елдеріндегі медицияның дамуы ерекшеліктерін таныстырды, медиаторлардың жұмысындағы практикалық құралдармен бөлісті және дауларды шешу саласындағы маманның негізгі міндеттерін ашып көрсетті.
Дәрістер барысында студенттерге медиатор болуға кімнің құқығы бар, қандай жағдайларда онымен хабарласуға болады, сондай-ақ медиатор біліктілігін қалай алу және оны құқықтық мамандықпен үйлестіру мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара ЕҰУ омбудсмені, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нэли Лукпановна Шапекованың бастамасымен ұйымдастырылды.


Гостевая лекция по медиации в ЕНУ
20 октября 2025 года руководители центров медиации: Якуп Эрикель (Турция), Жандильда Жакупов (Казахстан) и Авазбек Шамшиев (Кыргызстан) провели гостевые лекции на юридическом факультете Евразийского национального университета им.Л.Н.Гумилева.
Спикеры представили особенности развития медиации в своих странах, поделились практическими инструментами работы медиаторов и раскрыли ключевые задачи специалиста в сфере урегулирования споров.
В ходе лекций студентам были освещены вопросы о том, кто может выступать медиатором, в каких случаях к нему обращаются, а также как получить квалификацию медиатора и совмещать её с юридической профессией.
Мероприятие прошло по инициативе омбудсмена ЕНУ, доктора медицинских наук, профессора Нэли Лукпановны Шапековой.


КНУ-де медиция бойынша қонақ дәріс
2025 жылғы 25 қазан күні Қырғызстан Ж. Баласағұн атындағы Ұлттық университетінің шақыруымен МПЦ жетекшісі Жандильда Жакупов пен МПЦ үйлестірушісі Аида Заманбекова Бішкек қаласында университеттің 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Мереке кезінде Қырғызстан Президенті әкімшілігі КНУ ректорына «Манас» мемлекеттік орденін табыс етті.
Шарадан кейін медиаторлық орталықтардың басшылары — Жандильда Жакупов (Қазақстан), Диёрбек Кимсанов (Өзбекстан) және Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының төрағасы Якуп Эрикель (Түркия) — құқық факультеті студенттері үшін медиция бойынша қонақ дәрістер өткізді. Дәрістер интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
TDAB жетекшісі Якуп Эрикель студенттерді келесі жылы Анкараға медицияға арналған шараға қатысуға шақырды.



Гостевая лекция по медиации в КНУ
25 октябра 2025 года по приглашению Кыргызского национального университета им.Ж.Баласагына руководитель МПЦ Жандильда Жакупов и координатор МПЦ Аида Заманбекова посетили торжественное мероприятие, посвящённое 100-летию университета в городе Бишкек. На церемонии администрация Президента Кыргызстана вручила ректору КНУ государственный орден «Манас».
После мероприятия руководители центров медиации — Жандильда Жакупов (Казахстан), Диёрбек Кимсанов (Узбекистан) и председатель Ассоциации медиаторов тюркского мира Якуп Эрикель (Турция) — провели гостевые лекции по медиации для студентов юридического факультета. Лекции проходили в интерактивном формате и вызвали большой интерес у слушателей.
Руководитель TDAB Якуп Эрикель пригласил студентов в следующем году посетить Анкару на мероприятие, посвящённое медиации.



Университеттердің студенттік омбудсмендерімен медиаторлардың кездесуі
2025 жылдың 21 қазанында медиаторлар делегациясы – МПЦ жетекшісі Жандильда Жакупов, Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының төрағасы Якуп Эрикель, Қырғызстан Ұлттық медиаторлар орталығы Ош филиалының жетекшісі Авазбек Шамшиев және МПЦ үйлестірушісі Аида Заманбекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барды.
Қонақтар Астана жоғары оқу орындарының студенттік омбудсмендеріне медиация бойынша дәрістер өткізді. Қатысушылар естелік сыйлықтар мен кітаптар алып, дауларды реттеу бойынша практикалық ұсыныстарға ие болды.
Іс-шара ЕҰУ омбудсмені, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нэля Шапекованың ұйымдастыруымен, Астана студенттер альянсының қолдауымен өтті.



«Медиацияның қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі мен маңызы»
2025 жылғы 4 қараша күні «Халықаралық құқық қорғау орталығының» Республикалық қоғамдық бірлестігіндегі медиация орталығының жетекшісі, топ-менеджері, заңгер, психолог Заманбекова Аида Орысбайқызы ОСФ, КСжЖФ және Туризм және спорт менеджменті факультеттерінің 1-курс студенттерімен (қазақ және орыс бөлімдері, барлығы — 80 студент) «Медиацияның қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі мен маңызы» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өтті (жауапты оқытушылар – з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Самалдыкова З.М. және магистр, аға оқытушы Тебегенова Э.Т.).
Дәріс барысында медиацияның негізгі ұғымдары мен қағидаттары, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері, рәсімді жүргізу тәртібі, сондай-ақ әртүрлі дауларды шешудегі медиатордың рөлі қарастырылды.
Студенттер жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, мазмұнды сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.





Йылдырым Баязид университетіндегі жұмыс сапары
2025 жылғы 4 қараша күні Түркі әлемі медиаторлар одағының қауымдастығы (Türk Dünyası Arabulucular Birliği — TDAB) делегациясы Анкара қаласындағы Йылдырым Баязид университетінің заң факультетіне ресми сапармен барды. Делегация құрамында Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті, TDAB вице-президенті — Жандильда Жакупов та болды.
Заң факультетінің деканы, құрметті Наслихан Караташ ханым, қонақтарға факультеттің негізгі бағыттарымен таныстырып, студенттердің бастамасымен құрылған және медиация мен бітімгершілік мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген «Студенттер медиаторлар клубының» қызметі туралы айтты.
Кездесу барысында тараптар бірлескен білім беру жобаларының перспективаларын, тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ жастардың диалог мәдениетін және дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін дамыту бағдарламаларына қатысуын талқылады.
Сапар соңында TDAB өкілдері университет басшылығына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, құқықтық білім мен медиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.




