Жұмыс кездесуі Грекиядағы медиация орталығында
2025 жылдың шілде айында МПЦ басшылығының Грекия медиаторлар одағының төрағасы Петрос Зурдумиспен жұмыс кездесуі Афина қаласында (Грекия) өтті. Төрағаның айтуынша, Грекияда Медиация туралы заң 15 жыл бұрын қабылданған, ал 2019 жылдан бастап міндетті медиация енгізілген. Елде Әділет министрлігі аккредиттеген 4000 медиатор бар. Грекиядағы ADR Point медиация орталығы – алғашқы орталықтардың бірі, Еуроодақ тарапынан аккредиттелген. Осы жылдар ішінде медиация салалары кеңейді. Медиация азаматтық істерде, бизнес дауларда және банк дауларында қолданылады. Орталық медиаторлық қызмет көрсетеді, медиация бойынша тренингтер мен курстар өткізеді. Орталықтың жаттықтырушылары Гарвард, JAMS және басқа да мектептердің түлектері.
Грекияда азаматтық істер бойынша және 3 000 еуродан жоғары сомаға қатысты коммерциялық медиация бойынша сотқа талап қоюдан бұрын міндетті медиация өткізіледі. ЖКО істері медиацияға жатпайды. Алғашқы кеңес беру кездесуі 15 еуро тұрады, ал міндетті медиацияның құны 100 еуродан басталады. Медиация өткізу үшін тарап орталыққа өтініш береді, медиатор келіскен жағдайда басқа тарапқа ұсыныс жасалады. Егер келіссе, медиация жүргізіледі. Егер тарап медиатордан бас тартса, онда Әділет министрлігіне жүгінеді, сол жерден тізім бойынша кездейсоқ медиатор тағайындалады.
Өз кезегінде МПЦ басшысы Ж. Жакупов МПЦ туралы, оның құрылу тарихы, Медиация орталығының ашылуы және атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынды. Сондай-ақ Қазақстандағы медиация институты мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бөлісті.
Кездесу қатысушылары алдағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жөнінде келісімге келді.

Рабочая встреча в Центре медиации Греции
В июле 2025 года состоялась рабочая встреча руководства МПЦ с Председателем Союза греческих медиаторов Petros Zourdoumis в Афинах (Греция). Из выступления Председателя Закон о медиации принят в Греции 15 лет назад, с 2019 года введена обязательная медиация. В Греции 4000 медиаторов, аккредитованных Министерством юстиции. Центр медиации Греции ADR Point является одним из первых в Греции, аккредитован Евросоюзом. За эти годы сферы медиации расширились. Медиация проводится по гражданским делам, бизнес-спорам и банковским спорам. Центр оказывает услуги медиаторов, проводит тренинги и курсы по медиации. Тренеры Центра – ученики Гарварда, JAMS и другие.
В Греции медиация обязательна до подачи иска в суд по гражданским делам и коммерческой медиации на сумму более 3 000 евро. ДТП не рассматривается медиативно. Первая консультативная встреча стоит 15 евро, стоимость обязательной медиации от 100 евро. Сторона направляет запрос в центр медиации на медиацию, если медиатор согласен, делается предложение другой стороне. В случае согласия медиация проводится. В случае отказа от медиатора сторона обращается в Минюст, где рандомно назначается медиатор из списка.
Руководитель МПЦ Жакупов Ж. в свою очередь презентовал информацию об МПЦ, истории создания, открытии Центра медиации МПЦ и проведенной работе. Он поделился информацией об институте медиации в Казахстане и проводимой работе.
Участники встречи договорились о дальнейшем сотрудничестве и обмене опытом.

