2025 жылғы 18 желтоқсанда ХҚҚО-ның басшысы Жанділдә Жақыпов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан — бейбітшілік пен бірліктің кепілі» атты республикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері және этносаралық келісімді нығайту мен азаматтық бірлікті дамыту саласында еңбек етіп жүрген сарапшылар жиналды. Конференция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық қызметінің қорытындылары, оның қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы, диалог мәдениетін дамытудағы және қақтығыстардың алдын алудағы рөлі талқыланды.
Конференция алаңында сөз сөйлеген Жанділдә Жақыпов этномедиацияның этносаралық даулардың алдын алу мен оларды бейбіт жолмен шешудегі тиімді құрал ретіндегі маңызын атап өтіп, оның қоғамдағы сенімді, өзара құрметті және орнықты қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.
Конференция Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері тарапынан ұйымдастырылып, көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік, келісім және өзара құрмет саласындағы тәжірибе, бастамалар мен озық тәжірибелермен алмасуға арналған алаңға айналды.




