Медиация бойынша тренингтер

Сәуір-мамыр айларында ПХО басшысы Жакупов Жанділда жол полициясы қызметкерлеріне, дәрігерлерге, ҰҚК Академиясының курсанттарына және AlmaU университетінің студенттеріне тренингтер өткізді. Аталған ақпараттық іс-шаралар Алматы қаласының Достық үйінің бастамасымен және бірлесіп өткізіледі. Олар халыққа медиация институтын, оның негіздері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ сот процесіне қарағанда артықшылықтарын түсіндіруге бағытталған.