ҮЕҰ басшысы Жанділда Жақыпов Қызылорда қаласында облыстың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері үшін "Этномедиация"тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте қатысушылар этномедиация теориясын талдады, этникалық қақтығыс жағдайында келіссөздер мен медиацияны жүргізудің практикалық дағдыларын пысықтады. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алып, Медиация мәселелеріндегі жаттықтырушының кәсібилігін, оның үлкен практикалық тәжірибесі мен сараптамасын атап өтті.