Бұл шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Оспанов Болат Мұсағажынұлы @ospanov_bolat35 Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномедиация кеңесінің төрағасы Жақыпов Жандильда Әжіғалиұлы @zhandilda.zhakupov «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің @muras_etnokyrg төрағасының орынбасары, ҚХА ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ташыбеков Манас Нурмаматович, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары, «Úmit» босқындарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты депутатының қоғамдық көмекшісі Мохаммадсаруар Омар @umar_mokhammad қатысты.
Кездесу барысында спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы, этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөлі, жастардың белсенділігі мен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытындағы маңызды мәселелер жөнінде сөз қозғады.
Студенттермен пікір алмасып, маңызды сұрақтарға жауап берді. Бұл кездесу жас ұрпақ үшін маңызды сабақ болып, еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығы жолында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DGAdgJIiSFJ/?igsh=MWR0aDhsemV3cHB1dA%3D%3D&img_index=5