Медиация тренингі

2026 жылғы 3 тамызда БҚО Бөрлі ауданының Мәдениет үйінде Медиация күніне орай «Қазақстандағы медиация институты: жұмыстың қазіргі заманғы жүйесі, дамуы және перспективалары» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке құқық қорғау органдарының өкілдері, сот жүйесінің өкілдері және ауданның ауылдық округтері аппаратының қызметкерлері, ҚР ХПО медиаторлары мен ауданның кәсіби емес медиаторлары шақырылды. Семинарда медиация институтының перспективалары мен халықаралық тәжірибесі талқыланды. Іс-шара ҚР ХПО медиаторы Диана Урисбаеваның белсенді қатысуымен өтті. Медиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Медиация күніне орай ҚР ХПО медиаторлары Диана Урисбаеваға, Алия Гумароваға және Ақтұрсын Бағытжановаға әкімдіктің алғыс хаттары табысталды.

 

Last modified on Дүйсенбі, 31 Тамыз 2026 18:04