Коммерциялық медиация бойынша тренинг

2026 жылғы 15 шілдеде Қазақстан (МПЦ), Қырғызстан және Өзбекстан медиация орталықтарының медиаторлары коммерциялық медиация бойынша тренингтен өтті. Тренингтің спикері ретінде Ташкент медиация орталығының директоры, медиатор, арбитр Диербек Кимсанов сөз сөйледі. Тренингтің мақсаты — қатысушылардың медиацияны қолдана отырып, коммерциялық дауларды тиімді шешу үшін кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамыту. Тренингтің міндеттері:

  • коммерциялық медиацияның қағидаттарымен, кезеңдерімен және ерекшеліктерімен таныстыру,

  • кессөз жүргізу және тараптардың мүдделерімен жұмыс істеу әдістерін үйрету,

  • коммерциялық ортадағы қақтығыстарды анықтау және басқару дағдыларын дамыту,

  • өзара тиімді шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру,

  • медиация процесінде бейтараптық, белсенді тыңдау және тараптардың сенім деңгейін көтеру.

Тренинг соңында қатысушылар спикерге үлкен алғыстарын білдірді, оларға осы тақырып бойынша оқудан өткені туралы сертификаттар беріледі.

 
Last modified on Дүйсенбі, 27 Шілде 2026 15:14