«Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасы

«Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылуда. Жоба халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қала тұрғындары үшін тегін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғын өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша білікті кеңес ала алатын түсінікті әрі қолжетімді құқықтық ақпараттандыру жүйесін қалыптастыру.

Жоба аясында көшпелі әлеуметтік акциялар, ашық консультациялық алаңдар, тұрғындармен кездесулер, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлердің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, прокуратура қызметкерлерінің, полицияның, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Жобада халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады:

  • зейнеткерлер;
  • көпбалалы отбасылар;
  • жастар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар.

Жоба тек тегін заң көмегін көрсетуді ғана емес, сонымен қатар құқықтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруды және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін көздейді.

МПЦ медиатор-заңгерлері Наурызбай Ержан мен Қабдуллина Жанат жобаның көшпелі консультациясына қатысып, азаматтарға құқықтық және медиативтік кеңестер берді.

Алматы қаласы бойынша тегін заңгерлік кеңес алу үшін 8 747 104 76 69 сенім телефонына хабарласуға болады.

Медиативтік кеңес алу үшін: +7 777 215 74 36.

 
 
Last modified on Бейсенбі, 11 Маусым 2026 10:53