МПЦ-ның Орал қаласындағы Құрметті медиаторы Шатикова Зауреш Ахметқызы кәсіподақ қызметкерлерімен бірлесіп, медициналық саладағы жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу мақсатында аудандық ауруханада медиация бойынша көшпелі кездесу өткізді.
Кездесуге медицина қызметкерлері қатысты. Олар еңбек, отбасылық және әлеуметтік дауларға қатысты сұрақтарын қойды. Бұл даулар жұмыс барысында, отбасында және күнделікті тұрмыста жиі туындайды.
Медицина саласындағы жанжалдар жеткілікті түрде жиі кездеседі. Олар медицина қызметкерлерінің қатысуымен болатын дауларды, көрсетілген медициналық қызметтерге байланысты мәселелерді немесе медицина саласына қатысты өзге де келіспеушіліктерді қамтиды. Жекеменшік медициналық клиникалар, мемлекеттік ауруханалар, емханалар және басқа да ұйымдар мұндай даулардың тарапы бола алады.
Мәселелерді қысқа мерзімде шешу, құпиялылықты сақтау және шығындарды азайту мақсатында тараптар медиаторлардың көмегіне жүгінеді. Медиация барысында медиация туралы шарт жасалады, ал мәселе оң шешімін тапқан жағдайда медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім рәсімделеді.
Келісімде көрсетілген талаптар мен мерзімдерге сәйкес оны тараптар ерікті түрде орындауға міндетті.
Осы мәселелер бойынша тегін кеңес алу және Қазақстан бойынша немесе шетелден білікті медиатор табу үшін орталықтың үйлестірушісіне хабарласа аласыз: +7 777 215 74 36.
