Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына Кеңес мүшелері және уәкілетті органның Тізіліміне енгізілген медиаторлар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жаңа Негізгі заңның ережелері қоғамның өзекті сұраныстарын көрсететіні және тұрақты дамудың институционалдық негіздерін қалыптастыратыны атап өтілді.
Медиаторларды даярлау және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңа бекітілген қағидаларға сәйкес, оқыту бағдарламалары Үйлестіру кеңесімен мақұлданған медиаторлар ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жақыпов Жанділда 2025 жылғы қызмет қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндап, Жалпы медиация курсы, Мамандандырылған медиация курсы және Медиатор-тренерлерді даярлау курсының оқу бағдарламаларын таныстырды.
Оқу бағдарламаларын қарау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі 11 медиатор ұйымының бағдарламаларын мақұлдады:
-
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ
-
«Халықаралық медиация орталығы» РҚБ
-
«Альянс Успеха» ҚБ
-
«International bureau of mediation» ҚБ
-
«Парасат» медиаторлар және заңгерлер қауымдастығы» ҚБ
-
«Pactum» медиация және келіссөздер орталығы» ҚБ
-
«Tatulas» медиация орталығы» ҚБ
-
«Қазақстан Республикасының Медиаторлар қауымдастығы»
-
«Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы»
-
«Адам және құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы» РҚБ
-
«Құқықтық көмек және медиация орталығы – Қолдау және құқық» РҚБ