Республика күніне орай, 2025 жылғы 25 қазанда Абай облысы бойынша филиалдың басшысы Макат Жумашевич Шапиевке Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алғыс хат табыстады.
Алғыс хатта Министр Макат Жумашевичтің елдің дамуына, ұлтаралық келісімді, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Аида Балаева оның еңбегіне ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, отбасылық амандық және мемлекетіміздің бейбітшілігі мен гүлденуі жолындағы қызметінде табыс тіледі.
Алғыс хат Макат Шапиевтің өңірде мәдени бірлікті, қоғамдық келісімді және рухани дамуды нығайтуға бағытталған көпжылдық жемісті қызметінің жоғары бағалануы болып табылады.
