Халықаралық жазғы медиация мектебі

Маусымның басында Өзбекстанның Ташкент облысы, Бостандық ауданындағы «Олмос» курорттық қонақ үйінде Халықаралық жазғы медиация мектебі өтті.
Бұл іс-шара жыл сайын Орталық Азия медиаторлар Консорциумы аясында өткізіледі, ХҚҚО консоруицмның мүшесі.
Оқыту бағдарламасына Әзірбайжан, Египет, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен келген 100 медиатор қатысты. Биылғы жазғы мектептің басты тақырыбы – Орталық Азия, Кавказ және Түркия аймақтарындағы медиацияның озық тәжірибелері болды.
Мектеп барысында түрлі елдердің қатысушылары медиация саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Бұл өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Іс-шараның жұмыс тілдері өзбек, түрік, орыс және ағылшын тілдері болды, бұл ақпараттың кең аудиторияға қолжетімді болуын қамтамасыз етті.
Жазғы мектеп бағдарламасы келесі тақырыпшаларды қамтыды:
• Отбасылық медиациядағы отбасылық тәсілдер;
• Зияткерлік меншік пен цифрлық технологияларды қорғау саласындағы медиация;
• Корпоративтік және еңбек дауларындағы инновациялық медиациялық тәсілдер;
• Бизнес саласындағы медиация: инвестициялық, коммерциялық және тұтынушылық даулар.
Оқытудан бөлек, Ташкент медиация орталығының ресми ашылуы, шолу экскурсиялары және ресми қабылдаулар өткізілді.
ХҚҚО басшысы Жақұпов Жандильда «Медиатор жұмысындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасап, жазғы мектеп қатысушыларына практикалық сабақтар өткізді.
Медиация мектебіне белсенді қатысқаны үшін ХҚҚО-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы @Аубакиров а Гульбану Аубакирова Гүлбану Мұратқызына және Шымкент қаласының @Амирханов Ербулат нотариус-медиаторы Әмірханов Ербулат Назірханұлына үлкен алғыс білдіреміз.