"отбасылық және мектеп медиациясына жаңа тәсілдер" тақырыбында тренинг
Тренер-медиатор Жакупов Жандилда Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағаларына арналған модульдік оқыту бағдарламасы аясында "отбасы және мектеп медиациясына жаңа тәсілдер" тақырыбында тренинг өткізді. Бағдарламаны Еуразия ұлттық университеті Мәдениет және ақпарат Министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен және т. б. бірлесіп өткізді.
Training on "New approaches to family and school mediation"
Mediator coach Zhakupov Zhandilda conducted a training on "New approaches to family and school mediation" as part of a modular training program for the chairmen of the Council of Mothers of the Assembly of People of Kazakhstan. The program was conducted by the Eurasian National University in cooperation with the Ministry of Culture and Information, Akimat of Almaty, etc. The topics of the program were initiated by the Council of Mothers themselves, who showed great interest in mediation issues.
Семей қаласындағы этномедиация бойынша Семинар
2025 жылғы 17–18 маусым аралығында Абай облысының Семей қаласында этномедиация тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілерге, әкімдік қызметкерлеріне, аудандық Достық үйлерінің басшыларына және этносаралық қатынастар саласында қызмет атқаратын кәсіби медиаторларға арналды.
Семинарға Медиация орталығы атынан Абай облысы бойынша «Халықаралық құқық қорғау орталығы» медиация орталығының басшысы Шапиев Макат Жұмашұлы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай облыстық Аналар кеңесінің кураторы Жаксылыкова Сания Хайыржановна қатысты.
Семинар этносоциалық жанжалдардың алдын алу, қоғамдық келісімді нығайту, сындарлы диалог орнату және қоғамда сенім мен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруда этномедиацияның тиімді құралы ретіндегі маңызына арналды.
Қатысушылар нақты жағдайларға негізделген кейстерді зерттеп, дағдарыстық және наразылық жағдайларындағы мінез-құлық модельдерін талдап, тұлға психотиптерімен және түрлі психоэмоционалдық күйдегі тараптармен өзара әрекеттесу әдістерін меңгерді. Практикалық бөлім рөлдік жаттығуларды, этносоциалық сценарийлерді талдауды және тиімді коммуникация техникасын пысықтауды қамтыды.
Іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтіп, түрлі өңірлерден келген қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және мамандардың құзыреттерін кеңейтуге ықпал етті. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.