Четверг, 04 апреля 2024 10:41

Медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған жобасы

Жоба туралы ақпарат

Медиативтік көмек

«Медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған жобасы» аясында тізілімде тұрған кемінде 2 кәсіби медиатор – Қалбуби Жанботаева мен Наталья Голикова 8 аудандық әкімдік жанында дауларды шешу мақсатында халыққа тегін білікті медиативтік көмек ұйымдастырып, оған кемінде 500 адам қамтылды.

Жедел желі

 8 707 760 76 02 телефон нөмірі негізінде «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде құқықтық және медиативтік консультациялар жүргізілді, журнал толтырылды. Оған 500-ден астам адам қамтылды.

«Жедел желі» жұмысы туралы хабарландыру «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде, фейсбук, инстаграм, вконтакте әлеуметтік желілерінде жарияланды.

 

Әлеуметтік желі

Фейсбук, инстаграм, вконтакте әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттармен толықтырылды.

 

Оқыту іс-шаралары

Қазақстан медиаторлар қауымдастығының төрағасы, медиатор Жанділда Жақыпов татуластырушы судьялар, сот мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, АХАЖ қызметкерлері, мектеп директорлары мен меңгерушілері, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, прокуратура, Полиция департаменті қызметкерлері басын қосып,  келіссөздер жүргізу, коммуникация, медиация, дауларды шешу бойынша медиативтік құзыреттілік бойынша 8 ауданда семинар өткізді. Қатысушыларға сертификаттар, үлестірме материалдар (папкалар, блокноттар, қаламдар) таратылды. Семинарға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

 

Лекция

Медиаторлар Аида Заманбекова, Жанділда Жақыпов, Халбуби Шарифбаева Колледждер мен жоғары оқу орындарында келіссөздер процесінің негіздері, медиация және медиативтік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық туралы 17 дәріс өткізді. Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қонаев атындағы Заң академиясы, Тұран колледжінде және т.б. оқу орындарында өткен лекцияларға оқытушылар мен студенттер қатысты. Қамтылған адамдар саны 800-ден астам.

 

Бейнеролик

Мемлекеттік және орыс тілдерінде тақырыптық бейнеролик әзірленіп, ол фейсбук, инстаграм, вконтакте әлеуметтік желілерінде, «Алматы» телеарнасында көрсетілді. Бейнероликтің мазмұны тапсырыс берушімен келісілді.

 

Конференция

Жоба қорытындысы бойынша Антон Чехов атындағы кітапханада мемлекеттік органдар, соттар, бизнес, азаматтық сектор өкілдері басын қосып «Дау-дамайлар мен жанжалдарды реттеуде медиацияның рөлі» атты конференция өткізілді. Онда еңбек қатынастарындағы жанжалдардың, этносаралық қақтығыстардың және т.б. алдын алу мәселелері талқыланды. Қазақстан медиаторлар қауымдастығының төрағасы Жанділда Жақыпов баяндама жасады. Алматы қалалық сотының отставкадағы судьясы Халбуви Шарипбаева, «DAXX GROUP» ЖШС директоры Серік Омар,  медиатор Ғалия Сарыбаева, медиатор Халбуби Жанботаева, медиатор Наталья Голикова, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Азаматтық бастамаларды қолдау бөлімі басшысы Ақмарал Ахметова өз ойларын ортаға салды.

Конференцияға барлығы 70-тен астам адам қатысып, олар үлестіру материалдарымен (папкалар, блокноттар, қаламдар) қамтамасыз етілді.