ХҚҚО медиаторына арналған алғыс хат
Республика күніне орай, 2025 жылғы 25 қазанда Абай облысы бойынша филиалдың басшысы Макат Жумашевич Шапиевке Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алғыс хат табыстады.
Алғыс хатта Министр Макат Жумашевичтің елдің дамуына, ұлтаралық келісімді, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Аида Балаева оның еңбегіне ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, отбасылық амандық және мемлекетіміздің бейбітшілігі мен гүлденуі жолындағы қызметінде табыс тіледі.
Алғыс хат Макат Шапиевтің өңірде мәдени бірлікті, қоғамдық келісімді және рухани дамуды нығайтуға бағытталған көпжылдық жемісті қызметінің жоғары бағалануы болып табылады.

Благодарственное письмо медиатору МПЦ
К Дню Республики, 25 октября 2025 года, руководителю филиала по области Абай - Шапиеву Макату Жумашевичу была вручена благодарственное письмо Министром культуры и информации Аидой Балаевой.
В письме Министр отметила значительный вклад Маката Жумашевича в развитие страны, укрепление межэтнического согласия, взаимопонимания и сотрудничества между народами Казахстана. Аида Балаева выразила признательность за его труд и пожелала крепкого здоровья, семейного благополучия и дальнейших успехов в служении на благо мира и процветания государства.
Благодарственное письмо стало признанием многолетней и плодотворной деятельности Маката Шапиева, направленной на укрепление культурного единства, общественной гармонии и духовного развития региона.

ХҚҚО медиаторының қатысуымен өткен дөңгелек үстел
2025 жылғы 22 қазанда Республика күніне орай Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Халықаралық медиация орталығының (ХҚҚО) құрметті медиаторы Зауреш Ахметқызы Шатикова және БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Гильманова қатысты.
Зауреш Ахметқызы студенттерге медиацияның принциптері, оның қоғамдық маңызы және дауларды шешу мысалдары туралы айтып, сондай-ақ дауларды шешуге арналған рөлдік ойындар форматында интерактивті сабақ жүргізді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосқан белсенді үлесі үшін Зауреш Ахметқызы колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл олардың сот жүйесі мен медиация туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті. Іс-шара студенттердің кәсіби бағдарлануына және саламен практикалық танысуына оң әсерін тигізді.

ХҚҚО құрметті медиаторына алғыс
ХҚҚО кәсіби медиаторы Зәуреш Ахметқызы Шатикова көптеген қызметкерлермен еңбек медиациясын сәтті өткізді, олар месенджерлер арқылы алғыстарын білдірді. Зәуреш Ахметқызы өзінің 79 жасына қарамастан медиация бойынша жұмысты өте белсенді жүргізеді, ақпараттық кездесулер, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады, медиацияның түрлі даулары бойынша жүргізеді.

Благодарность Почетному медиатору МПЦ
Профессиональный медиатор МПЦ Зауреш Ахметовна Шатикова успешно провела трудовую медиацию с большим количеством работников, которые выразили свои слова благодарности посредством месенджеров. Зауреш Ахметовна, не смотря на свой 79-летний возраст, очень активно ведет работу по медиации, организовывает инфовстречи, разъяснительную работу, проводит по разным спорам медиации.

ХҚҚО медиаторына алғыс хат
ХҚҚО Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы, кәсіби медиатор Салимов Орхан Агасаф оглыға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Әзілханов жақсылық, Рухани келісім, достық пен этносаралық бірлікті нығайту мұраттарына жоғары қызмет еткені үшін алғыс хат табыс етті.


Благодарственное письмо медиатору МПЦ
Руководителю филиала МПЦ по Мангыстауской области, профессиональному медиатору Салимову Орхану Агасаф оглы Заместителем Председателя Ассамблеи народа Казахстана М.Азильхановым вручено благодарственное письмо за высокое служение идеалам добра, духовного согласия, укрепления дружбы и межэтнического единства.


Благодарственное письмо медиатору МПЦ
Медиатору МПЦ Атырауской области Калисовой Гулсим благодарственное письмо от председателя областного суда Атырауской области за вклад в развитие медиации.

ХҚҚО медиаторына алғыс хат
Қарағанды облысы бойынша орталықтың басшысы Ыдырысова Роза Қалкенқызына облыстық соттың төрағасы медиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.


Благодарственное письмо медиатору МПЦ
Руководителю центра по Карагандинской области Идрисовой Розе Калкеновне председателем областного суда вручено благодарственное письмо за вклад в развитие медиации.


