Сенатта Қазақстандағы медиацияның жай-күйі мен проблемалары талқыланды

Сенатта “Қазақстан Республикасының Заңнамасындағы медиация  жағдайы, проблемалары және жетілдіру бағыттары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары сенаторлар әзірленген  «медиация туралы Заң жобасын» одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

 Азаматтық істер бойынша сот алқасының мүшесі Ұлбосын Сүлейменова өзінің сот арқылы татуластыру статистикасы бойынша сөз сөйледі.

 Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Данияр Есин медиация институтының кеңінен дамуы мен қолданылуын тежейтін мәселелер туралы айтты. Олардың арасында халықтың медиация рәсімдері туралы төмен хабардар болуы және оларға деген сенімнің төмендігі, мемлекет тарапынан тиісті ұйымдардың кәсіпқой медиаторларды даярлау сапасына бақылаудың болмауы жайлы айтып өтті.

 Бұдан әрі "Медиаторлар ұлттық палатасы" РҚҰ басқарма төрағасы Светлана Романовская жоғары оқу орындарында оқытудың тиісті стандарттарын әзірлеп, "медиатор"мамандығын мемлекеттік тізілімге енгізуді ұсынды.

 "Қазақстан медиаторлар Қауымдастығының" бас директоры Жанділда Жақыпов медиаторлардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік органды анықтауды, қолдау көрсетуді, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болуды, сондай-ақ медиаторлардың бірыңғай республикалық палатасын құруды, және медиацияның мәнін дауласушыларға түсіндіру үшін медиатормен міндетті ақпараттық сотқа дейінгі сұхбатты енгізуді ұсынды.

 Отырысты қорытындылай келе, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің Төрағасы Владимир Волков Қазақстан ұлттық құқықты дамытумен қатар, халықаралық тәжірибені назарға ала отырып, медиацияның  өзіндік қазақстандық  нысанын жаңа түрде қайта жандандырғанын атап өтті.

 Соңында Владимир Волков  Ұлбосын Сүлейменова және Жанара Жолдасбаевнаға алғыс хаттар табыс етті. Құттықтаймыз!

http://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/2756